Ссылки доступа

Карен Карапетян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды


Армения президенті Серж Саргсянның жарлығымен Карен Карапетян елдің премьер-министрі болып тағайындалды. Бұйрықтың мәтіні мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.

Еске сала кетейік, премьер-министрлікке Ереванның бұрынғы мэрі Карен Карапетянның кандидатурасы 8 қыркүйекте өткен биліктің Республикалық партиясының атқарушы орган отырысында белгіленді.

Енді министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Овик Абрамян отставкаға кетіп тұрып, президентке жаңа үкімет құрылымын өзі жасақтауға мүмкіндік беретінін мәлімдеген.

Еске сала кетейік, Ереванда полиция қызметінің мекемесін қарулы топ басып алғаннан кейін, 1 тамызда ел президенті Серж Саргсян жаңа үкіметті жасақтау туралы айтқан болатын.

XS
SM
MD
LG