Ссылки доступа

Дариға Назарбаева сенат депутаты болып тағайындалды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева парламент сенатының депутаты болып сайланды. Ел президентінің тиісті қаулысы кеше шықты.

Дариға Назарбаева бұған дейінгі үкіметте 2015 жылдың қыркүйегінен бері вице-премьер қызметін атқарып келді. Оның алдында ол парламент мәжілісі төрағасының орынбасары болды.

9 қыркүйекте премьер-министр Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағалығына тағайындалуына байланысты отставкаға жіберілді. Премьер қызметіне Бақытжан Сағынтаев отырды, бұған дейін ол премьер-министрдің бірінші орынбасары болып істеген еді.

XS
SM
MD
LG