Түркия үкіметі Гүленнің жақтастары қазіргі билікті құлату үшін бүлік жасады деп есептейді. Дін уағыздаушыны қайтару мәселесі Түркия және АҚШ президенттері Режеп Тайып Ердоған мен Барак Обама арасында талқыланды. Олар қыркүйектің басында Қытайда "Үлкен жиырмалық" саммиті аясында кездесті.
Америкалық әкімшіліктің ресми өкілінің журналистерге хабарлауынша, Обама Ердоғанмен кездесуде мәселенің саяси емес, заң жолымен шешілуіне кеңес берген.
Бұған дейін Түркия АҚШ-тан Гүленді ұстап беруін бірнеше мәрте сұраған. Түркияның бірнеше қаласында осы талапты жақтаған жаппай шерулер өтті. Фетхуллах Гүлен америкалық телеарналарға берген сұхбаттарында Режеп Ердоған билігін тайдыру талпынысына қатысты бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығарды.