Ссылки доступа

Рақымшылықтан екі сағаттан соң қайтадан түрмеге түсті


Тәжікстан ішкі істер министрлігі рақымшылықпен босап шыққан кісінің тағы да қылмыс жасап, екі сағаттан соң қайтадан түрмеге түскенін хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 59 жастағы Әбдікаюм Уроков өткен аптада Яван ауданындағы түрмеден босап шығып, енді тағы да сотталып жатыр. Ол еркіндікке шыққан соң бір әйелдің 360 сомониі мен мобильді телефонын ұрлап алған.

Тәжікстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған рақымшылық туралы заңға сәйкес, елде 12 мыңнан астам күдікті немесе сотталушы жазадан босатылды.

XS
SM
MD
LG