Ссылки доступа

Иракта ИМ-нің химиялық қару өндіретін нысаны жойылды


Пентагон америкалық ВВС Ирактағы бұрынғы дәрі шығаратын мекемені, қазір "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы басып алып, химиялық қару шығарып келген кәсіпорынды талқандады деп мәлімдейді.

Нысан Ирактың Мосул қаласына жақын жерде орналасқан.

АҚШ Қарулы күштерінің Ирактағы генерал-лейтенанты Джеффри Хэрриджин сейсенбі күні журналистерге негізгі мақсат ИМ-нің химиялық қару өндіретін нысаны болғанын айтты. БҰҰ-ның тергеу нәтижесінде ИМ Сирияда қыша газын пайдаланғаны анықталған болатын.

Хэрриджиннің сөздерінше, 12 қыркүйекте жасалған әуе шабуылдардан 50 мақсатты нысан жойылған.

Хэрриджин басты көздегеніміз Сирия мен Иракта ИМ-нің лидерлері орналасқан негізгі нысандарды жойып, бұл ұйымның көзін түбірімен жою дейді.

XS
SM
MD
LG