Ссылки доступа

Росавиация қарызға батқан "Түркімен әуе жолына" қызмет көрсетуін тоқтатты


Turkmenistan -- Passenger plane of Turkmenistan airlines, undated
Turkmenistan -- Passenger plane of Turkmenistan airlines, undated

Росавиация қарызға батқан "Түркімен әуе жолы" рейстеріне қызмет көрсетуін доғарды. Бұл туралы ресейлік мекеменің ресми сайтында жарияланды.

Росавиация таратқан хабар бойынша, 2016 жылы түркімен әуе компаниясы берешекті өтейтінін бірнеше мәрте мәлімдеген.

Кепілдікті міндеттеме көрсетілген мерзімде өтелмеді, деп хабарлады ресейлік мекеме. Қазіргі таңда әуе компаниясының жалпы қарызы 220 мың долларға жетті. Росавиация қарыз толық өтелген жағдайда, шектеулерді алып тастауға уәде берді.

"Түркімен әуе жолы" компаниясының рейстері Ресейдің әуе кеңестігі арқылы Ашхабадтан Мәскеуге және Санкт-Петербургке, сондай-ақ транзит арқылы Минск, Бирмингем және Лондонға ұшады.

XS
SM
MD
LG