Ссылки доступа

Еуроодақ әскери операциялардың біртұтас штабын құруды көздейді


Бұл ЕО бірлескен қарулы күштерінің құрылуының алғашқы қадамы болады, деді Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер 14 қыркүйекте Еуропарламенттің Страсбургте өткен жиналысында.

Еурокомиссия басшысының айтуынша, жекелеген елдердің әскері радикалдық топтар мен ресейлік агрессияға төтеп беруге шамасы жетпейді.

Оның айтуынша, Еуроодақ біртұтас штабын осы ұйымнан Ұлыбритания шыққан соң құра бастайды. Жыл соңына дейін мұнда Еуропалық қорғаныс қоры құрылады. Ол қорғаныс саласын зерттеу мен инновацияларды қаржыландыруға бағытталады.

Мамыр айында еуропалық дипломатия басшысы Федерика Могерини ЕО Қарулы күштері құрылатынын жоққа шығарған еді. Кейін ол сыртқы саясаттағы жаңа еуропалық стратегиясын таныстырды. Стратегия қорғаныс саласында әріптестік орнатуды қарастырады.

XS
SM
MD
LG