Ссылки доступа

Қырғызстанда ШЫҰ елдерінің антитеррорлық жаттығуы басталды


Ыстық көл облысында басталған Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің әскери-оқу жаттығуына 2 мыңға жуық әскери қызметкер қатысып, 300-дей әскери техника жұмылдырылып жатыр.

«Бейбіт миссия-2016» деп аталатын оқу-жаттығу бүгін, 15 қыркүйекте басталды, 21 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Ресей және Қырғызстан елдері қатысып жатыр.

Жаттығудың тақырыбы - «ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс күштерімен бірлесіп антитеррорлық операция өткізу және дайындалу».

Жаттығу барысында әскери контингенттер бірлесіп антитеррорлық операция өткізуге дайындық мәселелерін талқылайды. ШЫҰ-ның терроризм, экстремизм және сепаратизмге қарсы күресте әскерлері мен техникалық жабдықтарын күшейтуді көздейді. Сонымен бірге таулы аймақтарда содырлармен күрес тәжірибесін жетілдірмекші.

XS
SM
MD
LG