Ссылки доступа

Тәжікстанда Кушанидов дәуірінің ежелгі қаласы табылды (видео)


Тәжікстанның Археология ұлттық мұражайы Кушанидов дәуірінің қорғандарын қазу кезінде екі апта ішінде бірнеше дүниелер тапқан.

Ұлттық мұражайдың басқарма басшысы Дәулетқожа Довуди қорғанның орнында кезінде Кушанидов дәуірінің ең ірі сауда қаласы болғанын айтады. "Жердің астынан табылған монета, кішкентай мүсіндер, темір халаттар, керамика және әшекей бұйымдар бұл қалашықтың Кушанидов дәуіріне жататынын дәлелдейді», - дейді Дәулетқожа Довуди.

Қорғанды қазуды екі апта бұрын бастаған. Бірақ әлі толық аршылып бітпеген. Жұмыс қорғанның екі жағынан қатар жүріп жатыр.

Ұлттық мұражай қызметкерлері обаны қазуды 10 қыркүйекке дейін жалғастырмақшы. Екінші кезеңі келесі жылы жалғасады. Археологиялық жұмыстарға бюджеттен бар болғаны 4 мың АҚШ доллары бөлінген екен. Қазу жұмыстарына 5 археолог пен ондаған еріктілерді шақырған.

Тәжік билігі соңғы он жылда бірнеше ежелгі қалашықтарды қазып, тапты. Бұл мұралар тәжік халқының ұлттық танымына және ежелгі мәдениетін зерттеуіне көмектесіп жатыр.

Архиологическая находка времен Кушанидов в Таджикистане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:25 0:00
XS
SM
MD
LG