Ссылки доступа

Өзбекстан 1 қазанда электр қуаты тарифтерін көтереді


Республикадағы негізгі өндіруші және жеткізуші "Өзбекэнерго" АҚ тұрғындар мен ұйымдарға 1 қазаннан бастап электр қуаты тарифтерін көтеретінін жариялады, деп хабарлады жергілікті басылымдар.

Компания мәліметіне сәйкес, тарифтердің көтерілуі - отын-энергетикалық ресурстар бағасының өсуімен байланысты. Баға орта есеппен 5 пайызға көтерілді.

Осылайша, көпқабатты үйлердің тұрғындары жаңа тариф бойынша 1 киловатт-сағатқа 19 сум (нарықтағы курс бойынша $0,03) төлейді, бұрынғы баға - 182 сум ($0,02).

Электр пеші бар жеке үйлердің тұрғындары үшін - 95,5 сум ($0,01).

Еске салсақ, соңғы мәрте электр қуатының тарифтері биыл сәуір айында көтерілген еді. Сол кезде баға 9 пайызға өскен болатын.

XS
SM
MD
LG