Ссылки доступа

Сириялық оппозиция бейбіт келіссөздерге қатысу мүмкіндігін жоққа шығарды


Сириялық оппозиция бейбіт келіссөздер қайта жалғасатын күн белгілі деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Оппозициялық "Келіссөздер жөніндегі жоғарғы комитет" мүшесі Джордж Сабраның мәлімдеуінше, Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу әзірге мүмкін емес, өйткені президент Башар Асад жүйесі 12 қыркүйектен басталған бітім шарттарын үнемі бұзып отыр.

Бұған дейін Ресей СІМ басшысының орынбасары Геннадий Гатилов БҰҰ арағайындық ететін келіссөздер қыркүйектің аяғында қайта жалғасатынын мәлімдеген еді.

Ресей сириялық оңшыл оппозицияны бітім шарттарын бұзды, ал Құрама Штаттарды мойнына алған міндеттерін орындамады деп айыптады. Қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенковтың бейсенбі күні мәлімдеуінше, АҚШ бақылауындағы сириялық оппозиция күштері тұрғын аудандарды атқылауын күшейтіп жіберді.

Соған қарамастан, Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри елдегі гуманитарлық дағдарысты жеңілдету үшін, Сириядағы бітім мерзімін тағы 48 сағатқа созуға келісті.

XS
SM
MD
LG