Ссылки доступа

АҚШ заң шығарушылары: Кремльге кибершабуылы үшін санкция енгізу керек


Америкалық заң шығарушылар президент Барак Обаманы компьютерлік желілерді бұзғаны үшін Ресейді ресми түрде айыптап, Кремльге қарсы санкциялар енгізуге шақырды.

"Қазіргі таңда хакерлік шабуылдарға президенттің әрекет етеуін қажет ететін үкім бар, егер Ресей президент сайлауы қарсаңындағы науқанға қатысты біздің ұйымдарға қарсы табанды әрекетінен қатпайтын болса, онда әкімшілік оған жауап ретінде бірқатар шара қолдана алады, олардың ішінде экономикалық санкциялар да бар", - деді Өкілдер палатасының барлау қызметі жөніндегі комитетінің өкілі Адам Шифф.

CNN-ге берген сұхбатында Өкілдер палатасының ішкі қауіпсіздік комитетінің өкілі республикашыл Майкл Макол ресейлік хакерлер Демократиялық партияның Ұлттық комитеті серверіне ғана емес, бірқатар республикашыл функционерлердің базаларын бұзғанын мәлімдеді. Бұл мәліметті ол арнайы қызмет өкілдерінен естіген.

Демократтардың да, республикашылдардың да арасында президент Обаманың әрекетсіздігіне наразылық күшейіп келеді. Обама әкімшілігі болса Ресейге қарсы кезекті әрекет Сирия жөніндегі әріптестікке кесірі тие ма деп қауіптенеді.

Бірақ Ресейдің америкалық сайлау науқанына араласуына байланысты, мұндай әріптестіктен бас тартуға болады, деп мәлімдеді Сенаттың халықаралық комитеті төрағасы республикашыл Боб Коркер.

XS
SM
MD
LG