Ссылки доступа

Telia коррупция ісі бойынша 1,4 млрд доллар төлеуге мәжбүр


Скандинавиядағы Telia телекоммуникациялық оператор 2007 жылы Өзбекстанмен пара беріп келісімге қол жеткізгені үшін 1,4 миллиард доллар айыппұл төлейді.

Америкалық және швед прокурорларының пікірінше, аталған компания кезінде Өзбекстанның тұңғыш президенті, марқұм Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнәр Каримоваға Өзбекстанның телекоммуникациялық нарығына кіру үшін жүздеген миллион доллар айыппұл төлеген.

«Мен мұның алдында да бірнеше рет айттым, Telia компаниясының Өзбекстан нарығынан шығуы өрескел және заңсыз болды. Біз осы үшін барлық жауапкершілікті алуға дайынбыз»,-деп мәлімдеді Telia компаниясының төрағасы Мари Эрлинг бейсенбі, 15 қыркүйекте.

Швед-финдық коммуникациалық гигант еуразиялық аймақтың жеті елінен – Өзбекстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Грузия, Молдова және Тәжікстаннан кететінін мәлімдеген. Осыған дейін Telia ішкі тексеру барысында компанияның ішкі тәртібі бұзылғанын, бірақ қандай да бір елдің заңдарын бұзбағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG