Ссылки доступа

Әзірбайжандағы референдум: белсенділер қысымның күшейгенін айтады


Әзірбайжан белсенділері Батыс елдерін референдум қарсаңында билік тарапынан журналистерге, азаматтық белсенділерге және құқық қорғаушыларға қарсы қысымның күшеюіне байланысты ресми Бакуге шара қолдануға шақырады.

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев ел Конституциясына президенттік мерзімді ұзартатын және президентке үміткердің жас мөлшерін азайтатын өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынған. Референдумды өткізу мерзімі 26 қыркүйекке белгіленді.

Елдің оппозициялық лидері Али Керимли түрмеде отыр. Оның ұлы Тюркель Керимли АҚШ-тың конгресс өкілдерімен кездесу кезінде референдум нәтижесі бұрмаланатынын айтып, өзгеше ойлайтындарға қарсы мемлекет тарапынан қысым күшейе берсе, азаматтық толқулардың қаупі зор екенін жеткізді.

"Азат Еуропа / Азаттық радиосында" биліктің коррупциялық істері жайында мақалалар топтамасы үшін бір жарым жыл түрмеде отырған журналист Хадиджа Исмаилова қазіргі уақытта Әзірбайжан түрмелерінде 138 саяси тұтқын отыр дейді.

Журналистің сөзінше, тұтқындардың ішінде өзі секілді биліктің корруцпиялық істері, Алиев отбасының табыстары жөнінде зерттеу мақала жазған екі журналист бар.

XS
SM
MD
LG