Ссылки доступа

Қырым үкімет басшысы бағаларды мемлекеттік реттеуге шақырды


Ресей аннексиялаған Қырымның үкімет басшысы Сергей Аксенов аймақтарда бағаларды мемлекеттік реттеуге шақырды.

"Первый крымский" телеарнасына сұхбат берген Аксенов бұл 2020 жылға дейін түбекте еркін бәсекелестік пайда болғанша, бағаларды реттеу керек деп есептейді. Оның сөздерінше, бірқатар монополистер тұтыну тауарлары мен дәрі-дәрмекке бағаны өсіріп келеді. Бұл халықтың ашуын туғызады деген ол, туристер де қызмет көрсетудің нашарлығы мен бағаның қымбаттығына наразы дейді.

Ресей Қырымды 2014 жылы аннексиялады. Украина мен халықаралық қауымдастық Қырымның Ресейге қосылғанын мойындамайды. Түбекті Украина жері деп есептейді.

Ресейде Мемлекеттік Думаға сайлау 18 қыркүйекте өтеді. Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, аннексияланған Қырымда мемлекеттік кәсіпорын жұмысшыларын сайлауға баруға мәжбүрлеп, бармаған жағдайда жұмыстан қуылатынын ескерткен. Украинаның Жоғарғы Радасы шетелдің парламенті мен халықаралық ұйымдарға Қырымдағы Мемлекеттік Дума сайлауын мойындамауға шақырады.

XS
SM
MD
LG