Ссылки доступа

Тәжікстанда екі адвокат экстремизм бойынша 25 жылға түрмеге отыруы мүмкін


Мемлекеттік айыптаушы сотта адвокаттар Бузургмехр Ёров пен Нұриддин Махкамовтың кінәсі делелденген деп мәлімдеді. Рустам Такдирзода Душанбе қалалық сотынан Ёровты 25 жылға, ал Махкамовты 23 жылға бас бостандығынан айыруын сұрады.

Бузургмехр Ёров пен Нуриддин Махкамовқа "ұлт, нәсілшілдік, дін араздығын туғызды және конституциялық құрылымды өзгертуге шақырды" деген айып тағылды.

Олардың адвокаты Муаззама Кодирова мемлекеттік айыптаушының бұл талаптарымен келіспейді және соңғы сөзінде ол соттан әділ шешім шығаруын өтінді. Ол "көпшілікке танымал екі адвокатты экстремист етіп көрсетуін" түсінбейтінін мәлімдеді. Адвокаттың айтуынша, бұл істі қарау барысында көптеген қателік жіберілген және "оның қорғалушыларының ісіне әділ сараптама жасалмаған".

Танымал адвокат Бузургмехр Ёров тыйым салынған Ислам қайта өркендеу партиясының 13 мүшесін қорғады, тіпті осы мақсата арнайы комитет құрды. Ол өткен жылы қыркүйекте ұсталды. ІІМ адвокатты алаяқтық жасады және жалған құжаттар дайындады деп айыптады. Желтоқсан айында оларға "экстремистік әрекетке көпшілікті үндеді" деген айып қосылды.

Ёров пен Махкамов оларға қарсы қозғалған қылмыстық істің саяси астары бар деп есептейді.

2015 жылы 4 қыркүйекте Ислам өркендеу партиясының 13 мүшесі мемлекет төңкеріс жасауға талпынды деп айыпталған генерал Абдухалим Назарзоданы қаржыландырғаны үшін ұсталды. Кейін сот оларды ұзақ жылдарға түрмеге отырғызды.

XS
SM
MD
LG