Ссылки доступа

Ашхабадта темекі сату орындарында жаппай төбелестер орын алуда


Соңғы уақытта Түркіменстан астанасында полицейлер мемлекеттік дүкендерде темекі сататын жерлерде жиі орын алатын төбелестерді тәртіпке келтірумен әлек.

Ашхабадта мұндай оқиғалар бірнеше рет орын алған. Соңғы болған оқиға орталықтағы цирк маңындағы дүкенде болған. Онда темекіні таңғы сағат 8-ден сата бастаған. Бірақ сатушылар екі сағаттан кейін дүкенді жауып, полиция шақыруға тура келген. Сатушылар кезекте тұрған адамдар арасында туған жанжалды тоқтата алмаған.

Полиция жасағы темекі алу үшін жиналған 500-ден аса адамды әрең тарқатқан. Бұл дүкенде бір темекі қорабы 12 манатқа (шамамен 2,5 доллар) сатылған. Бір адамға тек бір қорап темекі ғана берілген. Ал қолда бір темекі 42 (шамамен 8 доллар) манатқа сатылады, бір данасы – 3 манат.

Соңғы бірнеше аптадан бері Түркіменстанда темекі сатылмайды. Осыған дейін жеке мекемелерге темекіні сырттан әкелуге тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG