Ссылки доступа

Тәжікстанға «Ислам мемлекетінің» жүзден астам мүшесі экстрадицияланды


Тәжік билігінің мәліметінше, елдің мыңнан астам азаматы террористік және экстремистік ұйымдардың қатарына қосылған. Үстіміздегі жылдың соңғы сегіз айында ондаған жастарды Тәжікстанда соттау үшін өзге елдерден экстрадицияланған.

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода Интерполдың «Калкан» жобасының конференциясында әр елден терроризм және экстремизммен айыпталған 151 тәжік азаматы елге қайтарылғанын баяндады.

Аталған азаматтардың 133-і «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының мүшесі, бесеуі «Жамоат Ансоруллох» ұйымынң мүшесі, төртеуі бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары болған Абдухалим Назарзоданың өкілдері болса, қалғандары «Хизб-ут-Тахрир», Өзбекстанның Ислам қозғалысы, «Салафия», «Группа 24» және «Жамоати Таблиг» ұйымдарының мүшелері болып табылады екен.

Тәжікстан ІІМ мәліметі бойынша, соңғы 1,5 жыл ішінде 75 тәжік азаматы Сирия мен Ирактағы соғыстан көңілдері қалып, өз беттерімен елге қайтқан. Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанның мыңнан астам азаматы Ирак пен Сириядағы соғысқа аттанған. Олардың 300-ге жуығы қаза тапқан деген ақпарат бар.

XS
SM
MD
LG