Ссылки доступа

Еуроодақ аннексияланған Қырымдағы сайлауды мойындамайды


Еуропалық одақ өткен жексенбіде Қырымда өткен Мемлекеттік думаға сайлауды мойындамайды. Еуроодақтың Украинаның егемендігі мен тұтастығын қолдайтыны өзгеріссіз қалады. Осылай деп Еуропалық дипломатия өкілі Федерика Могерини мәлімдеді.

Бұл позицияны АҚШ мемлекеттік департаменті де қолдайды. Украина аннексияланған қырымда Ресейдің Мемлекеттік думасына сайлауды айыптады. Заңсыз дауыс берудің нәтижесі Ресейдің төменгі палатасының заңды жұмыс істеуіне күмән келтіреді деп мәлімдеді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) Қырымға өздерінің бақылаушыларын жібермеді.

Қырым 2014 жылы Ресей тарапынан аннексияланды. Украина мен халықаралық қауымдастық Ресейдің Қырымды басып алуын мойындамайды. Түбек Украина аумағының бір бөлшегі деп санайды.

XS
SM
MD
LG