«Гафур Рахимов постсоветтік мемлекеттердің «Ағайынды топ» деп аталатын қылмыстық топтың басты мүшесі. Бұл ұйым Орталық Азия елдерінде есірткі шығарумен айналысады. Рахимов әлемдік ірі есірткі операцияларына қатысуды жалғастырып келеді», – делінген АҚШ қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланған материалда.
Аталған құжатта Гафур Рахимовтың екі өзбекстандық төл құжаты бары жазылған. Ондағы мәлімет бойынша, қазір ол Дубайда тұрады.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, 2012 жылы Гафур Рахимовтың Өзбекстандағы бизнесіне тексерулер жүргізілгеннен кейін, ол өз еркімен Біріккен Араб Әмірлігіне кеткен.