Ссылки доступа

«Жалған бомба жөнінде» хабарлағаны үшін Астана тұрғыны сотталды


Астана соты жергілікті тұрғынды полиция ғимаратына жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат бергені үшін бір жарым жылға соттады деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот материалына сәйкес, Астана тұрғыны жедел қызметке хабарлап, Астана ішкі істер басқармасының ғимаратына бомба қойылды деген. Тергеу ісіне сәйкес, ол «мас күйінде әрекет еткен». Астананың № 2 Алматы аудандық сотының шешімі заңдық күшіне енді.

Қазақстанда жаздан бері Ақтөбеде қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге қарулы шабуыл жасалғаннан кейін, террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізілген. Билік бұл оқиғаны теракті деп атады.

Өткен айда теракті туралы жалған ақпарат бергені үшін Ақтөбе тұрғыны үш жылға бас бостандығынан айырылған. Ол да полицияға қоңырау шалған кезде мас болған.

XS
SM
MD
LG