Ссылки доступа

Шавкат Мирзиеев Ангренге келгенше мыңдаған адамды жұмысқа салған


Өзбекстан президенті міндетін атқарушы премьер-министр Шавкат Мирзиеев Тәшкент облысының Ангрен қаласына келер алдында жергілікті бюджет қызметкерлері, мектеп оқушылары мен колледж студенттерін жаппай қаланы тазарту жұмыстарына салған.

Мыңдаған адам қаланы үш күн бойында тазалаған, оларды арнайы күзет бақылап отырған. Мұнан бөлек Ангрен базарларында бағаны 20-25 пайызға түсірген.

Мирзиеев қалаға сапары кезінде «Ангрен» арнайы индустриалдық зонаға, жылу электр станциясына барып, қала базарын аралаған.

Өзбекстанда осыған дейін де мемлекет басшысының аймақтарға сапары алдында базарлардағы азық-түлік бағасын бірден түсіру сипаты қалыптасқан. Сапар аяқталғаннан кейін, бағалар да бұрынғы қалпына қайта көтеріледі.

Еске сала кетейік, Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов 78 жасында 2 қыркүйекте инсульттан қайтыс болды. Өткен аптада Өзбекстанның Либералды-демократиялық партиясының жетекшісі 59 жастағы Шавкат Мирзиеев президент сайлауына өзінің кандидатурасын ұсынды.

XS
SM
MD
LG