Ссылки доступа

Жиһадшылар «ФСБ офицерін ұстаған» видеоны жариялады


«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы ФСБ офицері ұсталды делінген видеоны жариялады. Экстремистік ұйымдардың интернеттегі іс-қимылдарына мониторинг жүргізетін SITE intelligence group-тың хабарлауынша, видеода мәлімдеме жасаған адам өзін Евгений Петренко деп таныстырған.

Ол РФ президенті Владимир Путинге және Ресей халқына арнайы тапсырманы орындау барысында ұсталғанын айтады.

«Евгений Петренко» Мәскеу облысында тіркелгенін, Ресей ФСБ-ның Мәскеу бойынша штаттан тыс қызметкері болғанын, әскери атағы капитан екенін айтқан. Ол өзін тұтқыннан босатуын сұрайды.

Бұл видеоға қатысты ресми Ресей билігі немесе ФСБ өкілдері түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG