Ссылки доступа

ЕҚЫҰ конференциясында Түркіменстанға қатысты екі түрлі баяндама жасалды


19-30 қыркүйек аралығында Польша астанасы Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) адам құқықтарына қатысты жыл сайынғы конференциясы өтіп жатыр. Түркіменстанның ресми тарабынан сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиев бастаған делегация барды.

Конференция барысында Түркіменстан Республикалық партиясының жетекшісі қуғындағы Нұрмұхамед Ханамов сөз сөйледі. Ол Түркіменстан адам еркіндігі мен заңдары өрескел бұзылатын әлемдегі ең жабық мемлекет болып саналады деді.

«2002 жылы президент Ниязовқа қастандық жасамақ болды деген оқиғаға байланысты адамдар әлі күнге дейін түрмеде отыр. Олардың көпшілігі туралы күні бүгінге дейін нақты мәлімет жоқ. Жақында түрмеде қайтыс болды деп сотталғандардың екеуінің - Аннадурды Аннасахатов пен Векиля Дурдыевтің денелері туыстарына берілді. Олардың денелері шегеленген табытқа салынған. Туыстарына табытты ашуға және қандай бір қаралы шара өткізуге тыйым салды», - дейді Ханамов.

Оппозиционер халықаралық қауымдастықты, атап айтқанда ЕО мен АҚШ-ты Түркіменстан билігіне қысым көрсетіп, саяси тұтқындарды босату мәселесін көтеруге шақырды.

Өз кезегінде сыртқы істер министрінің орынбасары Түркіменстанның жабық ел емес екенін, 130 халықаралық келісімдерге қол қойғанын және халықаралық ұйымдармен жұмыс істейтінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG