Сайдиктың айтуынша, қауіпсіздік бойынша жұмыс тобы үш жанжал аймағында әскери күштерді тарату мәселелерін ақыры шешті. Келісімдер "ДНР" және "ЛНР" жетекшілеріне қол қою үшін жолданады.
Құжатқа Украина және Ресей өкілдерінің қолдары қойылып, сепаратистердің бақылауындағы Донецк және Луганск облыстарының келіссөздерге қатысушы өкілдері мақұлдады.
Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі топтағы Украина өкілі Евгений Марчуктың пікірінше, осы келісімнің орындалуы - Донбастағы мәселені шешудің басы болмақ.
"Келіссөздерде үш тарап Золотое, Петровск және Луганск станицасынан 1 шақырымға шегінуі керектігі айтылады. Осылайша бірінші мәрте әскер шегінетін болды", - деді ол.