Ссылки доступа

ҰҚК: бес жылда соғыс аймағына бармақ болған 560 адамның жолы кесілген


Соңғы бес жылда елдің күш құрылымдары террористердің белсенді аймағына бармақ болған 559 қазақстандықтың жолын кескен. Осылай деп бейсенбі күні Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлімдеді.

Ол бес жылдың ішінде Қазақстанда террористік және діни-экстремистік пиғылда қылмыс жасаған 445 адамның сотталғанын атап өтті. Олардың 25-іне үстіміздегі жылы үкім шыққан.

Парламенттің жаңа жұмыс сессиясы басталғалы бері, заң шығарушы мекеме «Экстремизм және терроризмге қарсы тұру мәселелері жөніндегі» заң жобасына өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Қазақстан президенті 1-қыркүйекте парламентте депутаттарға аталған заң жобасын қабылдау жөнінде тапсырма берген.

Парламенттегі «Экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы заңдық шаралар» деп аталатын дөңгелек үстелде сөз сөйлеген Білісбеков соңғы жылдары елде теракті жасамақ болған радикалды топтардың тікелей халықаралық террористік ұйымдардың нұсқауы бойынша жұмыс істегенін айтады.

XS
SM
MD
LG