Ссылки доступа

Қырғызстан Кадыржан Батыровтың ЕҚЫҰ мінберінде сөйлегеніне наразылық білдірді


Қырғызстанның парламент депутаты Айнұр Алтыбаева әріптестерінен қылмысы үшін сотталып, іздеуде жүрген Кадыржан Батыровтың ЕҚЫҰ-ның Варшавада өткен адам құқықтары жөніндегі бюро жиынында сөйлеген сөздеріне саяси баға беруін сұрады.

«Жогорку Кенештің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі» комитеті кезектен тыс отырыс өткізіп, сепаратист Кадыржан Батыровтың сөздерін қарап, қорытынды жасау керек», - деді Алтыбаева.

Ол сепаратистің халықаралық алаңды пайдаланып, өзін адам құқығын қорғаушы күрескер ретінде көрсетуіне жол бермеу керек деп атап өтті.

Варшавада өткен ЕҚЫҰ бюросының жиынында Кадыржан Батыров Қырғызстанда Конституцияның өзгертілуіне қарсы шығып, қырғыз билігінің өзін қудалауын сынға алған.

Өз кезегінде қырғыздың сыртқы істер министрлігі де Батыровтың халықаралық мінберде сөйлегенін сынға алды.

Еске сала кетейік, Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты, Жалал-Абадтағы Өзбек ұлттық-мәдени орталығының жеткішісі болған Кадыржан Батыровты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, ұлтараздық туғызды деп сырттай өмір бойы түрме жазасына кескен.

XS
SM
MD
LG