Ссылки доступа

Қырғыз-қазақ шекарасындағы бірнеше пункт жөндеуге жабылды


Қырғыз-қазақ шекарасында жөндеу жұмыстары басталды, соған байланысты бірнеше бақылау-өткізу пункті уақытша жабылды.

Шекара қызметінің мәліметі бойынша, шекарадан өтушілерге барлық жағдай жасау үшін "Тоқмоқ", "Кеңбұлан", "Ақтілек" және "Чалдыбар" өткізу пункттерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Хабарларға қарағанда, "Тоқмоқ" өткізу пункті биыл 25 қыркүйектен бастап уақытша жабылады. Мұндағы жөндеу жұмысы аяқталған соң "Кеңбұлан" пунктінде жөндеу басталады. Осылайша бақылау-өткізу пункттері кезек-кезек жөндеуден өтеді. Қырғыз-қазақ шекарасында 12 бақылау-өткізу пункті бар.

Жыл сайын бақылау-өткізу пунктерінде ұзын-сонар кезекке тұрған адамдар тар бөлмеде бірнеше сағат күтуге мәжбүр.

Екі елдің шекара қызметтері тиісті шара қабылдаған соң, қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай жақсара түсті.

XS
SM
MD
LG