Ссылки доступа

Тәжікстанда салықтан жалтарғандардың жазасы жеңілдейді


Тәжік парламентінің төменгі палатасының қарауына Қылмыстық кодекстің өзгертілген нұсқасы түсті. Заң жобасы қабылданған жағдайда, салықтан жалтарғандарға қылмыстық жаза белгілеу алып тасталынады.

Депутат Мавлуда Каландарзоданың айтуынша, Қылмыстық кодексте 10 мың есептік көрсеткіш көлемінде салықтар мен кеден салығынан жалтарғандарға жаза қолданылады. Жобада бұл көрсеткішті екі есе ұлғайту (800 мың сомони) қарастырылған. Яғни, салықтар немесе кеден салығының қарызы 800 мың сомониге жетпейінше, салық төлеуші қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Парламент депутаты заңдағы жаңа өзгерістер салық төлеушілер мен компанияларға 48 банк күні ішінде салықтар мен кеден қарыздарын төлеуге мүмкіндік береді.

Бұл өзгерістер елдегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында енгізіледі.

Қазіргі заң ережелері бойынша, салықтар мен кеден салығынан жалтарған азаматтарды сот екі жылдан үш жылға дейін түрмеге отырғыза алады.

XS
SM
MD
LG