Ссылки доступа

Жікшілдер Киевпен тұтқындардың барлығын алмастыруға келісті


Өздерін тәуелсіз ел деп жариялаған Донецк және Луганск халық республикалары бейсенбі күні тұтқындардың барлығын алмастыруға Киевпен келіскенін жариялады.

Әлемдік қауымдастық мойындамаған "ЛХР" өкілі Ольга Кобцеваның хабарлауынша, осындай келісім 21 қыркүйекте Минск қаласындағы бейбіт келіссөздер барысында қабылданған.

Сәрсенбі күні Жоғарғы Раданың вице-спикері Ирина Геращенконың мәлімдеуінше, жікшілдер тұтқындағы украиналықтарға ЕҚЫҰ өкілдерін жолықтыруға келісті. Бірақ ол тұтқындарды алмастыру туралы ештеме айтқан жоқ.

Донбастағы жанжал 2014 жылы көктемде Қырымның ресейлік аннекциясынан кейін басталды. Киев пен Батыс елдері Ресейді жікшілдерге қарумен көмектескені үшін айыптап отыр. Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарды. БҰҰ мәліметі бойынша, Донбаста жанжал басталғалы бері 9600-дан астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG