Ссылки доступа

АҚШ пен Ресейдің Сирия бойынша келісімінің бір бөлігі баспасөзде жарияланды


Associated Press агенттігі бейсенбі күні Құрама Штаттар мен Ресейдің Сириядағы бітім жөніндегі келісімінің бір бөлігін жариялады. Екі мемлекет бұл құжатты 9 қыркүйекте қабылдаған еді.

Рұқсатсыз жарияланып кеткен құжат бойынша, Алеппо қаласына апаратын күре жолда қарусыз аймақ құрылуы керек. Келісім Сирия президенті Башар Асад әскері мен бүлікшілерге бұл аймақты басып алуға тыйым салынады.

Келісімде содырлық топтар мен оңшыл сириялық оппозициясы бақылауға алған аумақтарға шек қою қарастырылған. Құжатта оппозиция күштерін Ресейде тыйым салынған "Жабхат ан-Нусры" тобынан бөлектеген.

Ресейлік СІМ ресми өкілі Мария Захарова жарияланған құжатты растады. Оның айтуынша, баспасөзде жария болған құжат - келісімнің бестен бір бөлігі ғана.

Құрама Штаттар Сирия бойынша келісімнің жария болғанын қаламайды, оны "әсірлі ақпарат" деп атады. Кремль бұл келіссөздер жанжалды бейбіт реттеуге көмектеседі деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG