Ссылки доступа

Будапешт орталығындағы жарылыс полицияға қарсы бағытталған


Жексенбіге қараған түні Будапешттегі жарылыс полиция қызметкерлеріне қарсы жасалған, деп мәлімдеді полиция басшысы Кароль Папп.

Полиция оқиға болған аймаққа орнатылған бақылау камераларындағы таспаларды мұқият қарап шықты. Полиция жетекшісінің айтуынша, күдікті - 20 жастан асқан ер кісі. Оны іздеуге жүздеген полиция жұмылдырылды. Тергеу жұмысына террорға қарсы орталық қатысып жатыр.

Жарылыс Будапешттегі халық көп шоғырланған ауданда болды. Жарылғыш затқа шеге көптеп толтырылған. Шабуылдан екі полиция қызметкері зардап шекті. Қылмыс мотиві әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG