Ссылки доступа

Ирақта теракт жасаған жанкештілердің арасында бір тәжік болған


"Ислам мемлекеті" террорлық тобы ирақтық Тикрит қаласындағы шабуылды ұйымдастырғанын мойындап қана қоймай, терроршы-жанкештінің бірі тәжік екенін мәлімдеді. "Франс-Пресс" агенттігінің хабарлауынша, 24 қыркүйектегі террорлық шабуылдан 12 адам қаза тауып, 23-і жараланған.

Интернетте жарияланған ИМ мәлімдемесінде төрт содыр - үш ирақтық және Әбумұхаммад Точики есімді бір тәжік, сенбі күні Ирақтың солтүстігіндегі Тикрит қаласына кіре берісте теракт жасағаны, соның нәтижесінде бірнеше полиция қызметкері қаза тапқаны айтылған.

Ұйым мәліметі бойынша, Әбумұхаммад Точики жарылғыш затты іске қосқан. Одан соң бір содыр жарылғыш толы көлікті постқа қарай жүргізген, ал екі жанкешті әскери базаға жақын маңда полиция қызметкерлері көп жүрген жерде өздерін жарып жіберген.

Тикрит полициясы шабуыл салдарынан қызметкерлерінің қаза тапқанын растады, бірақ содырлар туралы ешқандай мәлімет таратпады. Әдетте ИМ жағында соғысатын тәжіктер өздеріне араб есімін алады, бұған дейін Әбу Мұхаммад Ат-Точики есімді содырдың көзі жойылғаны туралы хабарланған еді.

Тәжікстан билігінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда мыңнан астам тәжік азаматы ИМ және Таяу Шығыстағы басқа да террорлық топтарға қосылған. 300-ге жуық тәжік содырының қаза тапқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG