Ссылки доступа

Мемлекеттік айыптаушы Сейітқазы Матаевты 6 жыл 8 ай түрмеге кесуді сұрады


Мемлекеттік айыптаушы Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаевты алты жыл сегіз ай бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі абақтыда өтеуін сұрады. Оның ұлы Әсетке прокурор Ержан Құрақбаев алты жыл сұрады.

Сейсенбі күні Астана сотында өткен жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушылар түрме жазасынан бөлек Матаевтың барлық дүние-мүлкін тәркілеп, үш жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айыруды сұрады. Прокурорлар соттан Сейітқазы Матаевты салықтан жалтарды, мемлекет қаржысын жымқырды деген айыптаулар бойынша кінәлі деп тануын сұрады.

Адвокаттар болса Матаевқа қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуын талап етті.

Журналистер одағы төрағасы және оның ұлына қатысты сот ісі Астанада 23 тамызда басталған. Олар өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG