Ссылки доступа

Украина прокуратурасы думадағы Қырым депутаттарына іс қозғады


Қырым автономды республикасының украиналық прокуратурасы Ресейдің Мемлекеттік думасына сайланған депутаттарға қатысты қылмыстық іс қозғады. Іс - Мемлекетке опасыздық жасады деген бап бойынша. Бұл бапқа сәйкес 12-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қаралған.

Украина прокуратурасының мәлімдеуінше, Ресей аннексиялаған Қырымда Ресей парламентіне сайлау өткізу Украинаның егемендігіне қол сұғушылық болып саналады.

Қылмыстық іс «Единая Россия» партиясының тізімі бойынша думаға өткен Руслан Бальбек, Михаил Шеремет және Наталья Поклонскаяға қатысты, сонымен бірге бір мандатты округ бойынша депутат атанған Константин Бахарев, Светлана Савченко, Дмитрий Белик және Андрей Козенколарға қатысты қозғалған.

Өткен аптада Украинада аннексияланған Қырымда Ресей парламентіне сайлау өткізгені үшін Украинаның аумақтық тұтастығына қастандық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Түбекте өткен Мемлекеттік думаға сайлауды Құрама Штаттар мен Еуропалық одақ мойындамады. Ресей Қырымды 2014 жылдың көктемінде басып алған. Украина мен халықаралық қауымдастық түбекті Украина жері деп есептейді.

XS
SM
MD
LG