Ссылки доступа

Өзбекстан мақта сабағынан құрылыс материалдарын өндірмек


Өзбекстанда үкімет қаулысымен мақта сабағынан заманауи ағаш тақтасын (ДСП) өндіруді жүзеге асыра бастайды деп жазады жергілікті БАҚ.

Бұл үшін барлық талаптарға сай келетін іріктелген кәсіпорындар арқылы инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақшы.

«Өзбекқұрылысматериал» ұйымына сапалы түрде іріктеу жүргізу тапсырылған.

Құжатқа сәйкес, ағаш тақтасын жасау кәсібі шетелдік несие жүйесі арқылы жүзеге асады. Жоба шетел валютасымен қаржыландырылады.

XS
SM
MD
LG