Ссылки доступа

Башар Асадтың құрлық әскері Алеппоға шабуылдай бастады


Сирияда үкімет әскері мен оның одақтастары Алеппо қаласының оппозиция бақылауындағы бірнеше ауданына шабуылдай бастады. Reuters агенттігі Башар Асад билікке келгелі бергі құрлықтағы ең ірі әскери қимыл туралы хабарлады.

Үкімет әскері төрт жақтан шабуылдай бастады, қазірдің өзінде олар қаланың солтүстік-батысындағы бір ауданды басып алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Алепподан жаралыларды шығару үшін гуманитарлық дәліз керектігін мәлімдеді.

АҚШ бұл шабуылды президент Асад пен оның ресейлік одақтастарының әскери жеңіс үшін бейбіт келіссөздер процесін бұзғанының тағы бір айғағы ретінде қабылдады.

Вашингтонның мәлімдеуінше, Сириядағы бітім туралы осы айда жасалған келісім бір аптадан соң бұзылғанын атап өтті. Мәскеу мен Дамаск "жабайылық" танытып, әскери қылмысқа барды, медициналық және гуманитарлық нысандарға соққы жасады, деп жазды Reuters агенттігі.

Мәліметтерге қарағанда, 250 мыңнан астам адам Алеппо қаласының қоршалған аймағында қалып қойды. Жүздеген қала тұрғыны толассыз атыстың құрбаны болды. Олардың көбі бомбаланған ғимараттардың астында басылып қалды.

XS
SM
MD
LG