Ссылки доступа

Тәжікстанда түрмедегі ислам партиясы белсендісінің үйіне жұмыртқа лақтырды (видео)


Қыркүйектің 27 күні кешкісін Тәжікстанда тыйым салынған Исламның өркендеуі партиясының түрмеде отырған белсендісі Рахматулло Раджабның әйелі үйіне бір топ жастардың жұмыртқа мен алма лақтырғанын хабарлады.

Сотталған партия белсендісінің әйелі Валамат Иброхимзоданың айтуынша, жастарды үйінің жанына автобуспен жеткізген. Көліктен шыға салысымен олар партия лидеріне қарсы сөздер айтқан. «Олар терроризм жоқ, Кабири жоқ деп айқайлады. Біз кімге терроризм жасадық?», - деп сұрайды ол.

Рахматулло Раджабтың әйелі жастардың бұл әрекеттерімен келіспейді. Ол қызы жастарды видеоға түсіре бастағанда қашып кетті дейді. Валамат Иброхимзода «жас белсенділер» шын мәнінде Исламның өркендеуі партиясының өзге мүшелерімен шетелде жасырынып жүрген ұлы Шухрат Рахматуллоға қарсы наразылық білдіргендері деп болжайды.

Молодые "авангардисты" забросали дом осужденного активиста ПИВТ яйцами
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:28 0:00

Бұл оқиғаға дейін жастар Тәжікстанда тыйым салынған партияның сотталған өзге белсенділерінің үйлеріне де барып, алма және жұмыртқа лақтырған.

Тәжікстанның Жоғарғы соты үстіміздегі жылдың маусым айында Исламның өркендеуі партиясының 14 лидерін ұзақ мерзімге соттады. Олардың ішінде Рахматулло Раджаб та бар. Ол да соттың шешіміміен ұлтараздықты туғызды, елде қарулы көтеріліс арқылы төңкеріс жасамақ болды деп айыпталды.

XS
SM
MD
LG