Ссылки доступа

Душанбедегі үш өзбек тұтқыны өздерін Тәшкентке бермеуін сұрайды


Тәжікстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасалған соңғы рақымшылыққа сәйкес, түрмеде отырған шетел азаматтары да босатылады. Тәжікстан абақтысында жазаларын өтеп жатқан үш өзбек азаматы да бостандыққа шығады. Бірақ олар өздерін елдеріне қайтармауын сұрайды.

Екі сотталушының сөздеріне қарағанда, сегіз жыл бұрын мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткендері үшін түрмеге түскен. Егер оларды Өзбекстанға қайтаратын болса, қайтадан түрмеге отырып, зорлық-зомбылық көруі мүмкін.

Душанбенің №3/4 түзету колониясында жазасын өтеп жатқан Өзбекстанның Қашқадария облысының тұрғындары Шерзод Курбонов пен Нормахмад Аджабовтар да БҰҰ-ның душанбелік кеңсесіне және құқық қорғау ұйымдарына өтініш жіберіпті.

Шерзод Курбонов үш күн бұрын жазасын өтеу мерзімі аяқталғанын, енді құжаттары дайын болғанша абақтыда қалатынын айтады. Оның сөздерінше, өзі және Нормахмад 2009 жылы отбасыларымен жаяу қажылыққа бармақша болған. Бірақ олар тәжік-ауған шекарасына өткен кезде тұтқынға түскен.

«Құқық қорғау органдары сол кезде менің әйелімді және балаларымды Өзбекстанға қайтарды», - дейді Шерзод.

Тәжікстанның әділет министрлігі қылмыстық жазаны орындау бас басқармасының қызметкері аталған екі өзбек азаматы Тәжікстанда және Өзбекстанда тыйым салынған Өзбекстанның Ислам қозғалысының мүшелері болғаны үшін сотталғанын айтады. Сол себептен олар елдеріне қайтарудан қорқады дейді.

XS
SM
MD
LG