Ссылки доступа

АҚШ Сирияда Ресеймен әріптестікті үзетінін мәлімдеді


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мәскеу мен сириялық президент Башар Асад Алепподағы әскери операциясын тоқтатпса, Құрама Штаттар Сирия бойынша Ресеймен әріптестігін үзетінін мәлімдеді.

Мемлекеттік департамент мәлімдемесіне сәйкес, Керри Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен 28 қыркүйекте телефон арқылы сөйлесіп, осындай ультиматум қойған.

Америкалық дипломатиялық мекеме басшысының баспасөз хатшысы Джон Кирбидің хабарлауынша, талап орындалмаған жағдайда, Вашингтон Сирия жөніндегі Ресей және АҚШ екі жақты әріптестігін тоқтатады.

Ресейдің СІМ ресми мәлімдеме таратты. Онда Керри мен Лавровтың әңгімесінде АҚШ Ресейді Сириядағы оппозиция мен террорлық топтарды бөлуге қатысты міндеттерін орындауға шақырды делінген.

XS
SM
MD
LG