Ссылки доступа

ОПЕК қараша айында мұнай өндіру көлемін қысқартады


Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы - ОПЕК қарашадан бастап мұнай өндірісін қысқартатыны белгілі болған сәттен-ақ шикі мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді.

ОПЕК мүшелері 2008 жылдан бері алғаш рет Алжирде сейсенбі күні бейресми кездесу өткізді. Олар күнде өндірілетін мұнай көлемін 700 мың баррельден асырмауға келісті. Осылайша ОПЕК жыл бұрынғы жоспарға қайта оралады.

Ұйым өкілдерінің хабарлауынша, мұнай картелі әрбір елдің өндіріс көлемін 30 қарашада Вена қаласында анықтайтын болады. Бұған қоса ОПЕК басқа да мұнай экспорттаушы елдермен әлемдік нарықты реттеуге келісуді көздеп отыр.

2014 жылдың ортасына таман мұнай бағасы екі есеге арзандап кетті. ОПЕК мүшелерінің ортақ келісімге келгені туралы ақпарат мұнай нарығын қайта жандандырды.

14 мемлекеттен құралған картель мұнай экспортының 40 пайызына бақылау жасайды. Бірақ Ресей секілді негізгі өндірушілер бұл ұйымға кірмейді. Әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуінің бір себебі - АҚШ-тың "тақтатас төңкерісі" - мұнайды жанатын тақтатастан өндіру технологиясының пайда болуы.

XS
SM
MD
LG