Ссылки доступа

Пентагон Иракқа 600-ден астам әскер жібереді


Пентагон Иракқа Мосул қаласын «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымынан азат ету үшін 615 америкалық әскер жібереді. Мосул көлемі жағынан Ирактағы екінші қала. Бүгінде ИМ-ның бақылауында.

Бұл жөнінде сәрсенбі күні АҚШ-тың қорғаныс министрі Эштон Картер мәлімдеді. Енді Ирактағы америкалық әскер саны 5 мың 200-ге жетеді.

АҚШ өкілінің сөздеріне қарағанда, әскердің дені Мосулдағы ирак және күрд бөлімшелерін шабуылға дайындайды. Ал Ирак премьер-министрінің мәлімдемесінде АҚШ Ирак соғысына көмекке «нұсқаушылар мен кеңесшілер» жібереді делінген.

Мосулды радикалды исламшылардан азат ету АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында өтпек. Әртүрлі мәліметтерге қарағанда, қаланы үш мыңнан төрт мыңға дейін ИМ мүшелері қоршап тұр.

Арнайы операцияның сәтті не сәтсіз өтуі Демократиялық партия атынан үміткер Хиллари Клинтонның сайлауалды беделіне әсер етпек. Оның қарсыласы Республикашыл партия атынан үміткер Дональд Трамп Клинтонды АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы болып тұрғанда, өзінің «бейәрекеттігінен» ИМ-ды «жетекші террористік ұйымға айналдырып жіберді» деп айыптады.

XS
SM
MD
LG