Ссылки доступа

Қазақстандық провайдерлер: Қырғызстандағы Интернет тарифтері Ресейдегі бағаға байланысты көтеріледі


Қазақстандық интернет провайдерлердің хабарлауынша, Қырғызстанға берілетін Интернет тарифінің көтерілуі Ресейдегі бағаға байланысты болып отыр. Бұл туралы "Азаттыққа" республиканың байланыс операторлары қауымдастығының директоры Нұрбек Абасқанов мәлімдеді.

"Осыған байланысты біз Ресейдің монополияға қарсы қызметіне осы жайтты тексеруін сұрадық. Тиісті материалдарды мекемеге жолдадық", - деді ол.

Абасқановтың айтуынша, 21 қыркүейкте Астанада Қазақстан мен Қырғызстанның монопологияға қарсы қызметтерінің өкілдері бас қосты. Қазақстандық провайдерлер бағаны түсіру мәселесін 10 күннің ішінде қайта қарайтын болған. Бірақ қазақстандық әріптестер әзірге ешқандай шара қолданған жоқ. Келіссөздер жалғасады.

Оның айтуынша, абоненттерге арналған интернет тарифтерін ешкім көтерген жоқ, тек қана баға өсуі мүмкін екені алдын ала ескертілді.

Тамыздың аяғында Қырғызстан байланыс операторлары қауымдастығының хабарлауынша, Қазақстандағы провайдерлер республикадағы Интернет тарифтерін 1,5-3 есеге өсіретінін ескерткен.

XS
SM
MD
LG