Ссылки доступа

Қырғызстан конституциялық референдум өткізуге дайын екенін мәлімдеді


Республиканың орталық сайлау комиссиясы ел Конституциясына өзгеріс енгізу жөнінде референдум өткізуге дайын отыр. Бұл туралы комиссия басшысы Нұржан Шайлдабекова парламент отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, референдум өткізуге қажетті қаражат пен құрал-жабдықтар бөлінген.

Дәл осындай мәліметтерді депутаттарға Мемлекеттік тіркеу қызметінің басшысы Тайырбек Сарпашев жеткізді. Оның айтуынша, сайлаушылар жеке куәлік нөмірлері бойынша дауыс береді. Ал референдумның өзін өткізуге барлық жағдай жасалды.

Қаржы министрінің орынбасары Алмаз Азимовтың хабарлауынша, референдум өткізуге 317 миллион сом қажет. Бұған дейін референдуммен бір күнде өткізілетін жергілікті кенеш сайлауларына 235 миллион сом бөлінген еді.

Жогорку Кенеш депутаттары жалпы отырыста Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта референдум биыл 4 желтоқсанда өтеді деп көрсетілген.

XS
SM
MD
LG