Ссылки доступа

Сауд Арабиясы 11 қыркүйектегі теракт құрбандары туыстарының сот шағымын сынады


Сауд Арабиясы 2001 жылы 11 қыркүйектегі теракт құрбандары туыстарының корольдіктен шығын талап етуге жол ашатын заңның АҚШ-та қабылдануын сынға алды.

Эр-Рияд бұл заңға "үлкен алаңдаушылық білдіреді". "Зайырлы мемлекеттердің иммунитетінің әлсіреуі барлық ұлттарға, соның ішінде АҚШ-қа да кері әсер етеді", - делінген Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде.

28 қыркүйекте АҚШ конгресі президент Барак Обаманың осы заңға қойған ветосын алып тастады.

29 қыркүекте конгрестегі республикашылдар жаңа заңның АҚШ әскери науқандарынан зардап шегушілердің америкалық әскерге қарсы шағымдарына жол беруі мүмкін екенін мойындады. Олар заң мәтінін қарашадағы президент сайлауынан соң қайта қарауды ұсынды.

Нью-Йорктегі теракт кезінде қаза тапқан шамамен үш мың адамның туыстары Сауд Арабиясымен соттасуды көздеп отыр. Себебі шабуылға қатысқан 19 адамның 15-і осы елдің азаматтары. Эр-Рияд бұл шабуылдарға қандайда бір қатысы барын жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG