Ссылки доступа

Қырғызстанда референдум өткізуді заңсыз деп тану жөнінде сотқа арыз берілді


Азаматтық белсенді Рита Карасартова Бішкектің ауданаралық сотына «Референдумды белгілеу» жөніндегі ҚР заң жобасының қорытындысын заңсыз деп тану туралы арыз берді. Бұл жөнінде Азаматтық бақылау комитеті хабарлады.

Сотқа арызданушы Карасартова жауап беруші деп Жогорку Кенештің конституциялық заңдар, сот-құқықтық мәселелер жөніндегі комитеттің төрайымы Әсел Кодуранованы атаған.

Рита Карасартова аталған комитеттің 2016 жылдың 27 қыркүйегіндегі «ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі» заңға сәйкес «Референдумды белгілеу жөніндегі» (бүкілхалықтық дауыс беру) заң жобасының қорытындысын заңсыз деп тануды талап етеді.

Сотқа түскен шағымда бұл мәселені қарау кезінде Конституция талаптары, Жогорку Кенештің жұмыс регламенті бұзылғаны айтылады. Атап айтқанда, Конституция палатасының қорытындысы, тиісті сараптама қорытындысы жоқ. Қоғамдық талқылаудың нәтижесі де көрсетілмеген дейді.

29 қыркүйекте парламент заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта референдумды өткізу мерзімі 2016 жылдың 4 желтоқсанында белгіленген.

XS
SM
MD
LG