Ссылки доступа

Қырғызстан МҰҚК қызметкерлері тәжік адам құқығын қорғаушының әйелін қамауға алды


Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) қызметкерлері тәжік адам құқығын қорғаушы Собир Валиевтің әйелі Жанета Хамзаеваны ұстады. Бұл туралы "Кылым шамы" адам құқығын қорғау ұйымының төрайымы Әзиза Абдирасулова хабарлады.

Оның айтуынша, Хамзаева 2 қазанда түнде Стамбулдан Бішкекке ұшып келген сәтінда ұсталған. Хамзаеваның қамауға алынғанын оның Бішкекте тұратын анасы Гүлнар Айталиева да растады. Оның үйінде тінту жүргізілген.

"Кылым шамы" ұйымының өкілдері ұстау себептерін білмек болып қауіпсіздік комитетіне барды. Бірақ МҰҚК бұл туралы ешқандай мәлімет берген жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, Тәжікстанда танымал адам құқығын қорғаушы Собир Валиев Варшавада өткен ЕҚЫҰ жиынында сөз сөйлеп, өз елінің билігін қатаң сынады. Хабарларға қарағанда, ол енді отанына қайта орала алмайды.

Жанета Хамзаева Бішкекке ауру анасын күту үшін келген.

XS
SM
MD
LG