Шара аясында қырғыз делегациясы мектепке, мұражайға, Әндіжан мемлекеттік университетіне, Достық үйіне және басқа да мекемелерге барды.
Қырғыз делегациясының құрамына 130 адам кірді. Олардың арасында мемлекеттік шенеуніктер, мәдениет қайраткерлері, ақсақалдар және әртістер бар. Делегация мүшелерін көрші ел жақсы күтіп алды. Қонақтарды өзбек вице-премьері Адхам Икрамов қарсы алды.
Екі елдің шенеуніктері өзекті мәселелерді талқылап, әріптестікті жақсарту жөнінде меморандум қабылдады. Икрамовтың айтуынша, бұл құжат екі жақты қарым-қатынастың жандануына, әсіресе шекара мәселелерінің шешілуіне негіз болады.
Қырғыз премьерінің бірінші орынбасары Абылғазиев әріптесін жиі кездесіп тұруға және мәселелерді достықпен шешуге шақырды.