Ссылки доступа

Түркімен үкіметі Беларусь Республикасын тау комбинатының құрылысын кешіктірді деп айыптады


Түркіменстанның сыртқы істер министрлігі Беларусь Республикасының Гарлык тау-кен байыту комбинатының құрылысына қатысты мәлімдеме таратты. Түркімен тарапы Минск билігін құрылысты кешіктірді деп айыптады.

Мәлімдемеде комбинат құрылысының жоспардан қалып қойғаны фактілермен көрсетілген.

"Түркіменстан үкіметінің бірнеше үндеуіне қарамастан, Беларусь тарапы бірнеше ондаған миллион доллар тұратын құрылғы бөлігін әлі әкелген жоқ", - делінген түркімен СІМ мәлімдемесінде.

Түркімен тарапы комбинат құрылысында жұмыс істеп жүрген азаматтарының жалақысы кешіктірілгеніне де алаңдаушылық білдірді. Түркіменстан Беларусь үкіметін шұғыл шара қолданып, комбинат құрылысын аяқтауға шақырды.

Комбинат құрылысы туралы келісімге 2009 жылы қол қойылған. Жоба құны — 1 миллиард доллар. Калий тыңайтқышын шығаруға арналған комбинат 2015 жылы пайдалануға берілуі тиіс болған. Қазір кәсіпорын құрылысы 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG