Атыстар Алеппо қаласының солтүстігіндегі Әл Шукиф биіктігі үшін, Бустан әл Баша ауданында жүрді. Үкімет күштерінің Алеппоға шабуылдарын ресейлік және сириялық әуе күштері қолдап отыр. Әуе соққылары қаланың шығыс аудандарына жасалды. Бұл туралы Associated Press агенттігі сириялық адам құқығын қорғаушыларға сілтеме жасап хабарлады.
Оппозициялық қарулы топтың бір мүшесі агенттікке үкімет әскері құрамында шетел азаматтары соғысып жүргенін хабарлаған. Олар - Ливан және Ирак азаматтары, ұстаған туларынан соны аңғаруға болады, деді оппозиция құрамындағы дереккөз.